Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теріс батамызды береміз": Қазақстандық әйелдер Бораттың фотосын өртеп, флешмоб бастады

Қазақстандық әйелдер Бораттың бейнесін отқа жағып, ерекше челлендж бастады. Кейіпкердің суретін өртеген әйелдердің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Интернетте оннан астам әйелдің Бораттың рөлін ойнаған британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэнге қарсы әрекеті жария болды. Олар Борат бейнесін отқа жағып, өздігінше жазалады. 

"Осы челленджді барлық Қазақстанға таратамыз. Бүкіл әлем "Борат" сияқты адамдар жануы керек екенін көру керек", - дейді олар.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

"Біз Бораттың әрекетіне қарсымыз! Қазақстан билігі қайда қарап отыр? Неге көк туымызды қорлауға жол береді? Бекболат Тілеуханов, Тазабековтер қайда? Мемлекеттік деңгейді әлі бір шара қолданылған жоқ. Халықты жазалағанда алдына жан салмайды. Енді неге халықтың намысын қорлауға шамасы жетпейді? Біздің намысымызды таптап жатыр? Балаларымызға туды қадірлеуді үйретіп жүрміз. Ал мемлекет оны қорғай да алмайды. Қазақстаннан ешкім зардап шеккен жоқ, ендеше оны мазақ етуге де құқығы жоқ. Біздің Боратты іздеуге жағдайымыз жоқ, сондықтан осылай өз бетімізше жазалаймыз", - деді шағымданған аналар. 

Қорытындылай келе, олар фильм авторлары бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрауға міндетті екенін айтты.

Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігі фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын әдейі тудырады, бұл фильм үшін ең жақсы жарнама болады деп мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, желі қолданушылары британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэннің «Борат-2» фильміне бойкот жариялауға шақырған петиция болатын.

Еске салайық, Amazon Prime Video қызметі YouTube-те әйгілі британдық сықақшы Саша Барон Коэн ойнаған "Борат" комедиясының алғашқы трейлерін жариялаған еді.

Талқылау