Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды

Жол жабықФото: Gov.kz

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының мәліметінше, қазір келесі бағыттар бойынша қозғалыс жабық:

  • Ақмола облысында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасына баратын жолдар, сондай-ақ Балкашин – Атбасар, Астрахан – Атбасар және Жақсы – Бұзылық бағыттары.
  • Қостанай облысында Октябрьский кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі және Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жолдар жабылды.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола облысының шекарасынан Достық ауылына дейінгі жол учаскесінде қозғалыс тоқтатылған.
  • Ұлытау облысында Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейінгі жолда да шектеу енгізілді.

Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Ауа райына байланысты бірнеше аймақта тас жолдар жабылды


Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жолдарды бүгін, 10 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ауа райының нашарлауына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Мамандар дауылды ескертулерді бақылап, жолдардың жабылуы туралы ақпаратты назарда ұстауға және алыс жолға, әсіресе түнгі уақытта шығудан бас тартуға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін қуатты циклон әсерінен ел аймақтарында жаңбыр мен қар жауатыны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 09:32