Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 градусқа дейін жылынады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" Қазақстанда алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер еліміздің кей аймақтарында боран соғып, жел тұратынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

боран

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады 

Алдағы үш тәулікте Қазақстан оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етіп, қар жауады. Боран соғып, жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді

Республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус, шығысында 10-29 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік аймақтарда ауа райы +5 градусқа дейін жылып, батысында 0-10 градус аяз болады.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 21 Ақпан, 2022 12:27
Талқылау