Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Боран соғып, тұман түседі": Синоптиктер 28 желтоқанға ауа райын болжамын жариялады

Синоптиктер 28 желтоқанға ауа райын болжамын жарияладыФото: Ru.freepik.com

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанда қалың қар жауып, боран соғады. Солтүстік, батыс және орталық аймақтарда жел күшейіп, ал оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматыда түнде -2…-4 градус, бұлтты, жауын-шашын болмайды. Кейде тұман болады. Күндіз күн +3…+5 градусқа жылы болады.

Шымкентте ауа райы түнде +1…+3 градус, күн бұлтты. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз күн +8…+10 градус жылы болмақ. Сондай-ақ жаңбыр жаууы мүмкін.

Абай облысында сынап бағанасы түнде -20…-25 градусты көрсетеді. Облыстың солтүстігінде -28, оңтүстігінде -10…-15 градус, жауын-шашын жоқ. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз -10…-15 градус, солтүстігінде -18, оңтүстігінде -5 градус болады.

Алматы облысында ауа райы түнде 0…-5 градус болады. Өңірдің солтүстігінде және таулы аудандарда сынап бағанасы -8…-13 градусты көрсетеді. Түнде және таңертең оңтүстікте, таулы аудандарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз +2…+7 градус, солтүстігінде және таулы аудандарда -2…+7 градус. Таңертең оңтүстікте, таулы аудандарда тұман болуы ықтимал.

Конаевта ауа райы түнде -3…-5 градус болады. Кейде тұман болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз сынап бағанасы +2…+4 градусты көрсетеді. 

Ақмола облысында ауа райы түнде -23…-28 градус, облыстың солтүстігінде -20 градус болады. Оңтүстіктен 9–14 м/с жеп соғып, облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с дейін жел екпіні күшейеді. Күндіз -10…-15 градус болады.

Актөбе облысында түнде -15…-20 градус, облыстың оңтүстігі мен батысында -12 градус, батыста аздаған қар жауады. Облыстың орталығы мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз батыс пен солтүстікте 15–18 м/с дейін жел соғады. Күндіз -6…-11 градус, оңтүстігі мен батысында -3 градус, батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Таңертең орталықта және шығыста тұман түседі.

Атырау облысында ауа райы түнде 0…-5 градус, шығысында -8…-13 градус болады. Солтүстік пен шығыста қалың қар жауады. Батысы, солтүстік және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста боран соғады. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, солтүстік пен шығыста 15–20 м/с дейін күшейеді. Күндіз -3…+2 градус, шығысында -6 градус болса, батысы, солтүстік және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік пен шығыста боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысыда сынап бағанасы түнде -18…-23 градус, облыстың солтүстігінде -28, оңтүстігінде -13 градусты көрсетеді. Жауын-шашын жоқ. Шығыс, оңтүстік және орталықта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Күндіз -8…-13 градус, солтүстік және шығысында -18 градус. Шығыс, оңтүстік және орталықта тұман түседі.

Жамбыл облысында түнде 0…+5 градус, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында -8 градус суық болады. Таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде таулы аудандарда 15–20 м/с дейін жел соғады. Күндіз оңтүстік-батыс пен таулы аудандарда 15–20 м/с, жел екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жетісу облысында түнде -2…-7 градус, облыстың орталығы мен таулы аудандарында -10…-15 градус, жауын-шашын болмайды. Солтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с дейін жетеді, облыстың шығысында жел екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа райы 0…+5 градус, солтүстік және таулы аудандарда -3…+8 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында сынап бағанасы түнде -5…-10 градус, облыстың шығысында -13 градусты көрсетеді. Боран соғып, шығысында қатты қар жауады. Батыс пен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, түнде солтүстік пен шығыста жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Күндіз -3…-8 градус, шығысында қалың қар жауады. Батыс пен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы түнде -15…-20 градусты көрсетеді. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с дейін жел соғады. Күндіз -10…-15 градус болады.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 10:35