Соңғы жаңалықтар

Боран соғып, тұман түседі: Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дауыл

16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда түнде 16 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі.

16 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

16 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 16 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде
көктайғақ күтіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр