Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бомжды мазақ қылды деп ойлады": Алматыда үш адамды әдейі қаққан ағайындылар айыпталуда

Үш жаяу жүргіншіні қасақана қаққан екі ағайындыға қатысты сот отырысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Олар бұзақылық және кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда. Бүгін сот отырысында куәгерлер айғақ берді. Екі компания арасындағы жанжал қыздың кесірінен болғандығы белгілі болды.

"Айдана үй-күйсіз жүрген жанға тамақ бермек болды. Бұны балалар қате түсінді. Оны мазақ қылды деп ойлады. Олар түсіндіруге тырысты, сонда арада ауызша жанжал басталды. Соңы төбелеске ұласты. Куәгер айғақтарды шатастырды, бірақ айыпталушылардың бірі қарсыластарын тыныштандыруға тырысқанына сендірді. Жанжал қалай аяқталғанын жас жігіт білмейді.

Естеріңізге сала кетейін, жаздың соңында екі компания арасындағы жанжалдан кейін адамдар зардап шекті. Алматы даңғылдарының бірінде үш адамды әдейі көлікпен қақты. Куәгерлер бұл сәтті камераға түсіріп алды. Кадрда қара седанның жылдамдықты қалай арттырып, жаяу жүргіншілерді қалай ығыстырғаны көрсетілген.

Жүргізуші оқиғадан соң қашып кетті. Оны екі аптадан астам уақыт бойы іздеді. Екінші қатысушы дереу ұсталды. Егер сот оларды кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапса, ағайындылар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 09:41
Талқылау