Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бомба жарылады деп жалған ақпарат таратқан Арыс тұрғыны кешірім сұрады

"Луна" бомбасы туралы жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген Арыс қаласының тұрғыны ел елдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп. 

Бомба жарылады деп жалған ақпарат таратқан Арыс тұрғыны кешірім сұрады

"Мен, Арыс тұрғыны Жақсылықова Роза Оспанханқызы, жалған ақпарат бар хабарлама мен суретті "Арыс қаласы" деген группаға жібердім. Жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргенім үшін кешірім сұраймын", - деген ол видео үндеуде. 

Жасы егде тартқан қала тұрғынының бұл әрекеті полиция басқармасында қаралып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп басталып кеткен. Жасаған қылмысы үшін 250 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін.

Талқылау