AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бомба түскендей қирап жатыр": Шымкенттік тұрғындар құрылыс компаниясына қарсы шықты

Шымкентте бүтін бір шағын ауданның тұрғындары құрылыс компаниясына қарсы шығып отыр. "SDN" деп аталатын мердігер Қошқар ата өзені бойындағы жер үйлердің орнына көпқабатты баспаналар салуға ниетті. Бірақ тұрғындардың біріне қомақты өтемақы беріп жерін сатып алса, екіншілеріне мардымсыз ақша ұсынып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Көп ақша алғандар үйлерін сүріп тастауға рұқсат берген. Ал аз қаржыны місе тұтпағандар құрылыс компаниясына қасарысып отыр. Салдарынан бұл жер бомба түскендей қирап жатыр. Тым тығыз салынған бұл үйлер Қошқар ата өзенінің бойын жағалай орналасқан. Екі жылдан бері мұндағы баспаналарды құрылыс компаниясы сатып алып жатыр. Бірақ әуелде жақсы өтемақы төлегендер кейін аз ақша ұсына бастапты. Сол жапсарлас тұрған үйлердің бірінің қабырғасын қиратқанда, екіншілеріне зақым келген. Себебі, құрылыс компаниясы баспаналарды шахмат тәртібімен қиратқан.

“Міне мынау көршімді бір ай бұрын алып тастаған үйін, бұзып тастаған. Қабырғамыз бір осы көршіммен. Міне көріп отсыздар не болып жатыр. Қашан құлап қалады деп күніге отырмыз бала-шағамен уайымдап”, – дейді халық.      

Жалпы бұл ауданды тып-типыл етуді әкімдік 10 жыл бұрын қолға алған. Ол кезде тұрғындардың көбі соттасып жүріп алып қалған екен. Енді шенеуніктердің орнына бизнесмендер келді дейді. Бірақ, баспаналарыңа көк тиын жоқ, тек жерлерің үшін есептесеміз деген. Ал орталықтағы жерлерге 2 миллионнан 7 миллион теңге арасында мардымсыз сома ұсынады екен.

“Олар бізге айтады, сендердің үйлерің керек емес, әкете бер дейді. Қайда әкетем мен. Бұзылғаннан кейін үйді қайда апарам мен. Біз сонымен тастанды бала сияқты Қазақстанның ішінде сондай жер болып қалып қойдық. Бұл жерде азғантай халық емес, бұл жердің жері азғантай болғанымен 25 соттық жерде керек болса 20 отбасы  тұрып жатқан жерлер бар. Бірақ жаман болсын жақсы болсын әркімнің өз үйі”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Махаббат Жұмағалиева.

Жұрт шулап талап еткен соң баспаналарды сатып алып жатқан компания өкілі келді. Ол жер телімінен бөлек үйін де есептейміз деген. Бірақ, тұрғындар оның сөзіне сенбеді. Тұрғындарға бұрынғыдай мардымсыз ақша емес, енді 14 миллион теңгеден төлейміз деген кәсіпкер өзен бойындағы 128 үйдің 80-нін алғанын айтады.

“Бұл жерде біз кішкене экскаватор кіргіздік. Мен ол көлікті қалай кіргіземін, техниканы қалай кіргіземін? Егер ол үйді қиратпасақ, ішінде біреуді зорлап кетсе, не істейміз?” – дейді SDN компаниясының өкілі Жәнібек Ботабаев.

Компания өкілі ескі жер үйлерді толық алып бітпейінше көпқабатты үй салмаймыз деп сендірді. Ал бұл компанияға қатысты әкімдікке де, прокуратураға да жазып дәнеңе шығара алмаған тұрғындар енді қырсыққанда баспанамызды бермейміз деп бекініп отыр.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр