Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бомба қойылған": Алматыдағы екі ауруханадан адамдар эвакуацияланды

Алматыдағы қос ауруханада келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Анықталғандай, белгісіз біреу медицина мекемелеріне жарылғыш зат "қойылғаны" туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аурухана

Түскен ақпаратты тексеру үшін полицейлер оқиға орнына келген. Ал 10:57-де полицейлер екі нысаннан да жарылғыштың табылмағаны туралы мәлімет етті.

"Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш зат табылған жоқ. Медицина мекемесі штатты режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында. 

Ведомство өкілдері жедел құрылымдардың жалған ақпарат таратқан азаматты іздеу бойынша шара қабылдағанын қосып өтті. 

Талқылау