Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөлмелерде өліп жатқан тарақандарды көресің": Ресейде оқитын ақтаулық студент үйіне әрең оралғаны жайлы

Ақтау тумасы, Ресейдің Қазан қаласындағы университет студенті өзінің туған қаласына қалай оралғаны жайлы айтып берді. Үйіне жету үшін ол суық күні бес шақырым жер жүріп, Ақтөбеде карантинде жатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

студенттер

Сурет: Lada.kz сайтынан

Тимур Кетебаев Қазаннан Ақтауға қалай оралғанын айтып берді. 

"22 сәуір күні таңғы сағат 8-де бір топ студент мінген автобус Ақтөбе мен Орск қаласындағы шекараға келді. Бізді шекарадан Қазақстан тарапынан ешкім күтіп те алмады. Суық, ызғарлы жел соғып тұрған күні ауыр жүк, сөмке арқалап алып бес шақырым жолды жаяу жүріп келдік. Әйтеуір Қазақстанға жеттік-ау дегенде бізді тағы да үш сағат далада отырғып қойды. Ақыры бізді ешқайда жібермей, жасалған сынама нәтижесі белгілі болмай, автобусқа тиеп, төрт сағат күткіздірді", - дейді студент. 

Қарнымыз ашты, шаршадық деген студенттерді дәрігерлер Ақтөбедегі медициналық университеттің жатақханасына апарып жатқызыпты. 

"Жатақханадағы жағдай өте жаман болды. Әрине, бізді қонақ үйге апарсын деп айта алмаймын, бірақ десек те мұндай жерге алып келмеулері керек еді. Бір ғимартта - бір жуынатын бөлме. Сөрелер мен шкафтарда өліп жатқан тарақандар тауып аласын.  Ол жақтың тамағын тіпті айтпай-ақ қояйын. Біреулердің ол жақтың тамағынан жүректері айныған. Сырттан тапсырыс жасаған едік, оны бермей қатырды. "Егер тамақ тасушы кетпесе, оны карантинге жабамыз" деп шықты", - деп қосты ол. 

студенты

24 сәуір күні студенттер Ақтөбеден Ақтауға жеткізілген. Қазір олардың сынамасы алынып, үйлеріне он төрт күнге карантинге жіберілген. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр