"Болмаған концерт үшін 5,5 миллион теңге төлеген": Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталды
Фото: Stan.kz коллажы
Перизат Қайратқа қатысты сот процесі кезінде прокурорлар украиналық танымал әнші Иван Дорнның аты аталған құжатты ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Иван Дорнға Астанада болмаған концерт үшін 9 мың еуро (шамамен 5,5 миллион теңге) төлеген.
"Тінту кезінде болмаған фестивальдерге дайындық құжаттары тәркіленді. Мысалы Иван Дорнның өнер көрсетуі үшін 9 мың еуро көлемінде төленген шот-фактура бар. Бұл "Астана" гольф-клубындағы фестивальде болуы керек еді", – деді прокурор Мадина Оразалина.
Әртістің ақысы төленді, бірақ ол өнер көрсетпеді.
Бастапқыда прокурор 9 миллион еуро сомасын жариялады. Алайда сотталушы Перизат Қайрат оның 9 мың еуро туралы айтып отырғанын көрсетіп, түзетті.
Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
16 шілдеде өткен сот отырысында Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары Перизат Қайраттан қайырымдылыққа аударған ақшасын қайтарып беруді талап етті. Ата-аналар ол ақшаны ауыр дертке шалдыққан мұғалімге аударғысы келетінін айтты.
Сондай-ақ сотта тасқын кезінде қайырымдылыққа деп қор шотына 1 млн теңгесін аударған зейнеткер сөз алып, ақшасын қайтарып беруді талап етті.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
