Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөлке наннан айфонға дейін: Jmart дүкенінде сауда жасаудың артықшылықтары қандай

Бүгінгі күні қазақстандық банктер өздерінің интернет-дүкендерін іске қосып үлгерді. Олардың арасында біреулері тек тауар сатумен ғана айналысса, ендігілері тауарлардан бөлек, түрлі қызметтер ұсынады. Ең ыңғайлысы - мұндай интернет-дүкендер арқылы тауарлар мен қызметтерді тиімді бағамен сатып алып, оны үйге тегін жеткізуге, сондай-ақ бірнеше айға бөліп төлеуге алуға болады. Міне, тұрғындарға осындай  ыңғайлы шарттармен сан алуан тауарлар мен қызметтер ұсынатын Jmart дүкенінің танымалдылығы күн санап артуда. Тауарлар мен қызметтерді тиімді бағамен қайдан алуға болады? Jmart интернет-дүкенінің басқаларынан қандай артықшылықтары бар? Толығырақ материалымыздан оқыңыздар. 

Жусан

Пандемия басталғалы қазақстандықтар онлайн түрде сауда жасауға бет бұруда. Тұрғындар тек тұрмыстық тауарлар мен заттардан бөлек, азық-түлікті де үйлеріне алдыруды әдетке айналдырды. Әсіресе, интернет-дүкендер ұсынатын бөліп төлеу қызметі тауарлардың қолжетімділігін одан сайын арттыра түсті. 

Мысалы, Finprom.kz порталының мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылдың алғашқы екі айында қолма-қол ақшасыз сауда айналымы 7,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы аралықтағы уақытпен салыстырғанда 2,2 есе көп. 

Ал мобильді және интернет-банкинг қолданушыларының саны 2020 жылдың аяғына қарай 28,7 млн теңгеге жеткен (2019 жылғы көрсеткештерден 1,5 есе артық). Көп жағдайда бұған әсер еткен факторлардың бірі - банктердің өз интернет-дүкендері. Қазіргі кезде Қазақстанда төрт банктің маркетплейстері бар: Jusan Bank - JMart платформасы, Halyk Bank - Halyk Market, Kaspi Bank - Kaspi дүкен және ForteBank -  ForteMarket. 

Портал мәліметінше, айтылған интернет- дүкендердің арасында тауарлар мен қызметтердің ең көп түрін JMart маркетплейсі ұсынады. Мұнда сіз күнделікті тұтынатын азық-түліктен бастап, смартфон мен түрлі гаджеттерді, жануарларға арналған тауарларды, автобөлшектерді және құрылыс материалдарын таба аласыз. Тауарлармен қоса, интернет-дүкен арқылы тіл курстары, SPA салондар мен фитнеске абонемент сатып алу қарастырылған. Бұдан өзге, JMart-та сауда жасау үшін Jusan Bank-тің клиенті болу міндетті емес. 

Jmart-та бағасы 1,5 миллион теңге дейінгі тауарлар мен қызметтерді клиенттің таңдауы бойынша 3 айдан 24 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған. Танымал ресурстың көмегімен қажетті заттарды іздеп, интернет-дүкендерді шарлаудың қажеті жоқ, барлығын да бір жерден табу мүмкіндігі қарастырылған. 

Қолданбадағы тауарлардың тізімі бірнеше категориялар бойынша бөлінген. Сондай-ақ, қолданушының ыңғайына орай, мұнда әр түрлі тауарлардың бағасын салыстыра отырып, өзіңізге ең ұтымдысын таңдау мүмкіндігі бар. 

JMart платформасы қарапайым әрі түсінікті интерфейске ие. Интернет-дүкеннің жоғарғы жағында үш мәзір көрсетілген, атап айтсақ, супермаркеттер, тауарлар және қызметтер дүкені. Қосымшаны енді жүктеген адам да мұнда ең қажеттісін бірден таба алады. Бұған қоса, өнімнің атауын іздеу жолағына енгізу арқылы тауарға тезірек қол жеткізуге болады. 

Интернет-дүкен арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріне тауарға тапсырыс жасату қарастырылған. Жеткізу құны әрбір затқа байланысты есептеледі. Азық-түлік тапсырыс берген күннің ертесінде жеткізіледі. Сонымен қатар, азық-түліктен басқа тауарларды 7 күн ішінде кері қайтаруға болады. 

Маркетплейске тіркелу арқылы сіз түрлі науқандар мен жеңілдіктер жайлы ақпаратты біле аласыз. Толығырақ мына сілтемеден өту арқылы оқыңыздар. 

Талқылау