Бөліп төлеуге бөлек баға: Қазақстанда сатушылар тауарлардың екі бағасын көрсетуге міндеттеледі
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда сатушылар тауарлардың екі бағасын, бір реттік төлеммен және бөліп төлеуге сатып алғандағы бағаларын бөлек көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Сауда министрлігінің бұйрығында бұл талаптың интернет-дүкендерге де қатысты екені айтылған.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қол қойған бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұйрық ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған.
“Ішкі сауда субъектісі тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы сату және бір реттік төлем арқылы сату кезінде оның бағасын бөлек көрсетеді”, – делінген бұйрықта.
Кейбір қазақстандықтарға тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге алуға тыйым салынады
Үкімет Қазақстанда кең тараған бөліп төлеу тәсілінің қаупін айтты
Сондай-ақ сауда нысандары, оның ішінде интернет-дүкендер де акциялық және жеңілдікпен сатылатын тауарларда бөлек баға көрсетуі тиіс. Сонымен бірге жеңілдікпен немесе бөліп төлеуге алынған тауарларға кепілдік беру, айырбастау және қайтару талаптары қолданылады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тұтынушылық несие беруге шектеу енгізілетіні туралы жазған едік.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
