Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңсыз жиынға қатысқан": Нұр-Сұлтан полициясы Рысбек Сәрсенбайды не себепті ұстағанын түсіндірді

Қоғам белсендісі Болат Әбілов журналист Рысбек Сәрсенбайдың Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынғанын мәлімдеді. Сөзінше, Сәрсенбай астанаға қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің әділ өтуін талап еткен әйелдерді қолдау үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рысбек Сәрсенбай

Болат Әбілов Рысбек Сәрсенбайұлының "күш қолдана отырып" ұсталғанын айтты. 

"Ол Нұр-Сұлтанға үкімет ғимараты алдында қаңтар оқиғасына қатысты бассыздықты доғаруды талап етіп, жиналмақ болған әйелдерді қолдау үшін барған. Олар тергеуді доғарып, туыстары мен жақындарын қудалауды доғаруды сұраған. Оны күш қолдана отырып ұстап, аудандық бөлімге жеткізген", – деді ол өз Facebook-парақшасында. 

Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұылының денсаулық жағдайы нашарлағанын мәлімдеді. Оған медициналық көмек көрсетіліпті.

"Біз бұл бассыздық қойып, Рысбек Сәрсенбайұлы ағамызды, біздің досымыз бен серіктесімізді босатуды талап етеміз", – деп аяқтады Болат Әбілов. 

Stan.kz тілшісінің сұрауына жауап берген Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі Руслан Сәрсенбайұлының қамауға алынғанын растады. Бұған қаңтар оқиғасына қатысқандардың туыстарымен бірге заңсыз жиынға қатысу себеп болған. 

"2022 жылы 6 қыркүйекте сағат 09:40 шамасында азамат Сәрсенбай Рысбек Министрліктер үйінің аумағында қаңтар оқиғасына қатысқандардың   туыстарымен бірігіп заңсыз жиналысқа қатысқан. Сол кезде полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында аталған азаматтарды "Алматы" ауданы Полиция басқармасына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін үйіне қайтарған", – делінген хабарламада. 

Рысбек Сәрсенбай – оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайдың туған ағасы.

Талқылау