Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақта Қазақстан энергетикалық жүйесінің Ресейге тәуелділігі артады: KEGOС мәлімдеді

"KEGOC" АҚ 2022-2031 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясында Қазақстанның энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен тәуелсіздігіне әсер ететін факторларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

цвет

Атап айтқанда, олардың арасында Батыс пен Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтары арасында электр байланысының жоқтығы, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының энергетикалық орталықтарының Қазақстан БЭЖ-мен байланысының әлсіздігі сөз болады. Сол себепті бұл Қазақстан БЭЖ-ін Орталық Азияның БЭЖ-мен бөлек жұмыс істеу схемасында аймақтарды әлсіз электр көзімен жабдықтауға алып келеді. 500-220 кВ Шу – Жамбыл – Шымкент транзитінің қуаттылығы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын  электр жарығымен қамтуға мүмкіндік бермейтіні баса айтылған.

Сондай-ақ маңызды факторлардың қатарында орта мерзімді перспективада Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік аймақта электр энергиясы мен қуат тапшылығының артуы байқалады.

"Қазақстан БЭС-тегі маневрлік мүмкіндіктердің тапшылығы сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіруді жоспарлы түрде арттыру энергетикалық жүйені теңестіру мен реттеуде Ресейге тәуелділіктің артуына әкеледі", - делінген стратегиялық жоспарда.



Сонымен қатар Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінің сенімділігіне мына факторлар әсер етеді:

- Орал – Атырау – МАЭК транзитінің 220 кВ жеткізу қуатының жеткіліксіздігі. Қазіргі уақытта Қазақстан БЭС Батыс аймағының жүйе құраушы желісі толық жүктелген;

- Қазақстан БЭЖ-нің өндіруші және таратушы энергетикалық активтерінің тозуының жоғары деңгейі;

- Қазақстанда икемді генерацияны дамыту арқылы жаңартылатын энергия көздерін энергия жүйесіне тиімді біріктіруді және олардың тұрақсыз генерациясын реттеуді қамтамасыз ету қажеттілігі;

- Бөлінген генерация технологияларының қарқынды дамуы.

Энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы мәселесін шешу үшін "KEGOC" АҚ алдағы жеті жылға электр энергиясы мен қуаттылықтың болжамдық балансының жобасын әзірлеп, энергетика министрлігіне бекітуге енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге ҚР тұтынушылардың электр энергиясына қажеттілігі мен қуатын барынша арттыру үшін энергетикалық жүйедегі генерациялаушы қуаттарды жөндеу кестесін оңтайландыруды көздейді. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді пайдалану мен Қазақстан Республикасы электр станцияларының қуатын және тапшылық жағдайында электр энергиясын экспорттауға шектеу қою жоспарлануда.

Талқылау