Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақ депутаттардың тізімі": Павлодар облысының әкімдігі түсіндірді

Павлодар облысының әкімдігі алдағы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында депутат болатын кандидаттардың тізімі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болашақ депутаттардың есімдері облыстың бір ауданында белгілі болды деген хабарлама Instagram желісінде пайда болды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған деп атады.

"БАҚ және әлеуметтік желілерде облыс аудандарының бірінде алдағы парламент мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына негізгі және баламалы кандидаттар тізімі жасақталғаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпа ратшындыққа жанаспайды. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері мұндай жұмыстарды жүргізбейді", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысатынынын да тілге тиек етті.

"Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде сайлау учаскелерін орналастыру үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етіп, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру шараларын жүргізеді. Парламент мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау маңызды қоғамдық-саяси оқиға екені сөзсіз. Бұл ашық және шынайы түрде өтуі керек, біз тұрғындарды сайлауға белсенді түрде қатысуға және тек сенімді ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Талқылау