"Болашақ дәрігер": Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген диплом алды
Фото: Іnstagram.com/sveta_aitbaeva73/raushan_kudaibergen
Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан “Астана медицина университетін” дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты Раушанның анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Раушантайымыз – болашақ дәрігер. Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам”, – деп жазба жариялады Света Айтбаева.
Қанат Айтбаев та желіге сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.
Фото: Іnstagram.com/sveta_aitbaeva73
Желі қолданушылары әншінің отбасын қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
“Қызыңызды қуанышымен құттықтаймын! Раушанға табыс, сәттілік пен жетістіктер тілеймін”, “Балаларыңызбен мақтана аласыз, құттықтаймын”, “Оқыған, білімін қадірлей білетін, қиындықтан қашпайтын, білімді де, ілімді дәрігер болсын”, “Құтты болсын, жемісін жесін”, “Құтты болсын, Света! Раушан қыз абыройлы ақ халатты абзал дәрігер болсын”, “Ақ халатты періште, адам жанының арашасы бол. Еңбегің жемісті болсын”, – деп ақжарма тілегін арнады желідегілер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
