Соңғы жаңалықтар

"Болашақ" бағдарламасымен оқуға болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

Қазақстанда президенттік "Болашақ" бағдарламасы аясында оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

магистр

Халықаралық бағдарламалар орталығының ақпараты бойынша, шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді", - деп атап өтті орталықта.

2020 тізіміне екі немесе одан да көп халықаралық академиялық рейтингтің топ-100-не кіретін 138 шетелдік ЖОО енгізілді, атап айтқанда QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, The U. S. News & World Report Best Global University Ranking.

Сонымен қатар, тізімге The U. S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді.

Айта кетейік, өткен жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болды, олардың тек 20%-ы топ-100 халықаралық рейтингке кірді.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында орналастырылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр