Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60%-ға дейін артты

"Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT-мамандықтарға бөлінетін гранттар саны 60%-ға дейін өсті. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және ақпараттық технологиялар саласына бөлінген гранттар саны 60%-ға дейін өседі. Бұл оқытудың осы бағыттары бойынша үміткерлерді қолдаудың қосымша шараларының бірі.

Сонымен қатар, оқудың техникалық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілінен IELTS тестінің орташа балы 5,0 балға дейін төмендетілді. Бұл сонымен қатар бір жыл тіл үйрену курсынан өту мүмкіндігін береді. Бұл шаралар техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесін бастады. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударылады. "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" деген жеңілдік санатын енгізу жоспарлануда. Бұл ретте талапкерлер шәкіртақы тағайындалғаннан кейін тіл курстарынан өтіп, бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған ЖОО тізімінен оқу орнын таңдай алады", – деді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Әнуар Жанғозин.

Сондай-ақ ауылдан келген талапкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда. Мысалы, IELTS тапсыру нәтижесі бойынша ағылшын тілін білу деңгейіне қойылатын талапты 5,0 балға дейін төмендету, ауылдық жерде міндетті түрде тұру мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту жоспарлануда. Сонымен қатар оларға тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік беріледі. Контингентті кеңейту және аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын қосу есебінен ауылдық жерлерден үміткерлер санын көбейту ұсынылып отыр.

Барлық процестерді жеңілдету, толық автоматтандыру және ашықтыққа қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 03 Наурыз, 2022 16:27
Талқылау