Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы өзінің орнынан кететінін айтқан жазбасын өшіріп тастады

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеген Instagram-дағы жазбасын өшіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

кенжебаев

Бұдан алдын өз жазбасында ол олимпиадалық циклда Сабырхан Махмұдқа аз мүмкіндік бергеніне өкініп, өз еркімен кетіп бара жатқанын жазған. Бірақ кейін өз жазбасын өшіріп тастаған.

Ғалымбек Кенжебаев Sputnik Қазақстан-ға сұхбат беріп ешқандай пост жазбағанын жеткізді. Ал жұмыстан кетуге өтініш емес, ұсыныс жасағанын айтты.

"Ешқандай пост жазған жоқпын. Менде Instagram да жоқ. Негізі мен отставка жайында айтпаған едім. Басшылар өздері шешеді ғой. Өзім арыз жазған жоқпын, бірақ ауызша ұсыныс жасадым. Тұра тұр деді. Жиналыс өтуі керек. Бүгін-ертең нақты жауабын айтады", - дейді Кенжебаев.

Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол жастар құрамасын басқарды, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы ретінде белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасының нәтижесі бойынша, қазақстанның бокс құрамасы “Алтын” ала алмай қалды. 

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 10:29
Талқылау