Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымы өткізетін әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық боксшылар World Boxing өткізетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

26 қазанда АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жастағы спортшылар арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасы Word Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырушы болып саналатын әлем біріншілігінде алғаш рет өнер көрсетпек. Барлығы әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-та Қазақстан намысын төрт боксшы қозғайды. Жүлде үшін Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі  салмақта), Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) күреседі.

Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында ашылған Халықаралық бокс федерациясы. Биыл қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Word Boxing-ке кіруге өтінім берген.

Талқылау