Бокстан Азия чемпионатында финалға шыққан 12 аруымыз да жеңіске жетті
Фото: ДРС
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында финалда өнер көрсеткен 12 аруымыз да жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 жасқа дейінгі спортшыларымыз ақтық сында жеңіске жетіп, алтын жүлдені еншіледі. Финалға шыққан 12 боксшы қарсыластарынан басым түсті. Айта кетейік, бұрымды аруларымызды Жангелді Ахметов жаттықтырады.
Финал нәтижелері:
48 кг: Айым Танкибаева (Қазақстан) — Чанчал Кумари (IBA, Үндістан) — 5:0
50 кг: Сила Биболсынқызы (Қазақстан) — Кашиш Малик (IBA, Үндістан) — 4:1
52 кг: Рахмина Абдумежитова (Қазақстан) — Саранпорн Пхонпун (Таиланд) — 5:0
54 кг: Жанель Имантаева (Қазақстан) — Тхом Ву Тхи (Вьетнам) — 5:0
57 кг: Ақнұр Тұрсынғали (Қазақстан) — Нгуен Бик Тхи (Вьетнам) — 5:0
60 кг: Толғанай Қасымхан (Қазақстан) — Аделя Асылбекқызы (Қырғызстан) — нокаут, 2-раунд
63 кг: Алина Құдайгенова (Қазақстан) — Арачиге Виджесингхе (Шри-Ланка) — техникалық нокаут, 1-раунд
66 кг: Ақбота Есімбекова (Қазақстан) — Гарима (IBA, Үндістан) — нокаут, 1-раунд
70 кг: Мария Сидоренко (Қазақстан) — Ви Ха Труонг (Вьетнам) — айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіс, 1-раунд
75 кг: Зарина Толыбай (Қазақстан) — Зарина Асанова (Қырғызстан) — рефери жекпе-жекті қарсыластың жарақатына байланысты тоқтатты, 2-раунд
81 кг: Куралай Егінбайқызы (Қазақстан) — Анушка Шарма (IBA, Үндістан) — техникалық нокаут, 1-раунд
+81 кг: Сабина Жақсылық (Қазақстан) — Гарг Приял (IBA, Үндістан) — техникалық нокаут, 1-раунд

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
