Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтсіз басталды

Элина Базарова мен Жазира ОрақбаеваФото:Stan.kz collage

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Байрақты бәсекенің алғашқы жарыс күні еліміздің әйелдер құрамасынан екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы болып шаршы алаңға беттеген 51 келіде Жазира Орақбаева Солтүстік Корея елінің өкілі Кум Бёль Анға қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Жазира Орақбаева жарақат алып қалды.

Сол себепті айқас мерзімінен бұрын тоқтатылып, отандасымыз үшін Азия чемпионаты аяқталды. Кум Бёль Ан 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұдан өзге 54 келіде ел намысын қорғаған Элина Базарова 1/8 финалда ол Үндістан боксшысы Притимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша ол 5:0 есебімен қарсыласына жол берді.


Бокстан Азия чемпионатындағы боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды


Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды


Осылайша құрлықтың доданың бірінші күнінде екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионаты World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Дүбірлі дода 10 сәуірге дейін жалғасады.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 17:44