Бокстан әлем чемпионаты: Махмұт Сабырхан жапониялық карсыласына есе жіберді
Бүгін 5 қараша күні Белград (Сербия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері басталды. 54 дәрежеге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Махмұт Сабырхан жапониялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы Шымкент қаласының тумасы Махмұт алтынға болған таласта Жапониядан келген 25 жастағы Томою Цубойбен кездескен болатын.
Қазақстандықтардың өкінішіне орай қазақ боксшысы 3 раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін болған жекпе-жекте 48 салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов алтын алған болатын. Шешуші кездесуде ол тайландтық Вуттичай Юрачайдан басым түскен.
Естеріңізге салайық, 6 қарашада финалдық кездесулерде Сәкен Бибосынов (51 келіге дейінгі салмақта) пен Серік Теміржанов (57 келіге дейінгі салмақта) жұдырықтасатын болады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"