Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионы қызын зорлағаны үшін сотталып кетті

Бокстан ауыр салмақтағы Аргентинаның бұрынғы чемпионы Карлос Бальдомир қызына зорлық жасағаны үшін 18 жылға сотталды.

Бокстан әлем чемпионы қызын зорлағаны үшін сотталып кетті

Тергеу көрсеткендей, Бальдомирдің азғындығы қызы сегізге толғанда басталды. Бұрынғы әйелі спортшыны айыптады. Сот барысында 48 жастағы аргентиналық өзін ашулы күйде ұстады.

Прокуратура 14 куәгердің айғақтарына сүйенді. Бальдомир қызын жыныстық зорлаудың бірнеше эпизодтары бойынша сотталды.

Бальдомир мансабын 2014 жылы аяқтады. 2006 жылдың шілдесінде Артуро Гаттиді жеңген Бальдомир бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Сол жылдың қараша айында ол америкалық Флойд Мейвезерден жеңіліп, титулынан айырылды.

Өз мансабында Бальдомир 49 жеңіске жетіп, 16 жеңіліске ұшырады.

Талқылау