Бокстан әлем чемпиондары Шымкенттегі халықаралық турнирді жарқын жеңіспен бастады
Шымкентте бокстан ерлер арасында Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан және Теміртас Жүсіпов Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. 48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай алғашқы айналымда алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетсе, дәл осы салмақтағы 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов те алғашқы айналымнан оңай өтті. Сондай-ақ 57 келідегі Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”