Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында сегіз қазақстандық финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наталья Богданова (70 келі) жартылай финалда англиялық Шантель Ридпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта англиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Үшінші раунд Натальяның басымдығымен аяқталып, финалға жолдама алды. Осылайша отандасымыз ел құрамасынан финалға берілген сегізінші жолдамаға қол жеткізді.
Бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға жолдама алған еді.
Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) ие болды.
Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"