Бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластарымыз анықталды
Фото: ҰОК
3-13 желтоқсан күндері аралығында Дубайда (БАӘ) өтетін IBA ұйымдастыруымен ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін дүбірлі бәсекенің жеребе тарту рәсімі өтті.
Жаһандық додада Қазақстан құрамасы барлық 13 салмақт ел намысын қорғайды.
48 келі. 22 боксшы
Теміртас Жүсіпов 1/8 финалда Гаурав Соланки (Үндістан) – Али Нгванда (Танзания) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
51 келі. 27 боксшы. 1/16 финал
Даниал Сәбит – Майна (Кения).
54 келі. 34 боксшы. 1/16 финал
Сәкен Бибосынов – Кеорапетц (Ботсвана).
57 келі. 33 боксшы
Оразбек Асылқұлов 1/16 финалда Джозеф Кваджо (Фиджи) – Сачес Да Силва (Кабо-Верде) жұбының жеңімпазымен бақ сынайды.
60 келі. 42 боксшы. 1/16 финал
Серік Теміржанов – Эрдэнэбатын Цэндбаатар (әлем чемпионатының қола жүлдегері, Моңғолия).
63,5 келі. 38 боксшы
Ертуған Зейнуллинов 1/16 финалда Мичелл Лидерман (Аустралия) - Даваадалай Алтангерел (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
67 келі. 38 боксшы. 1/16 финал
Санатәлі Төлтаев – Гералд Кабинда (Замбия).
71 келі. 36 боксшы
Абылайхан Жүсіпов 1/16 финалда Артём Арутюнян (Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Армения) – Цаесар (Индонезия) жұбының қай жеңгенімен шығады.
75 келі. 42 боксшы
Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда Касилилика (Танзания) – Коусин (Сейшель аралы) жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.
80 келі. 39 боксшы. 1/16 финал
Ерасыл Жақпеков – Зоуграна (Бурунди).
86 келі. 26 боксшы. 1/16 финал
Дәулет Төлемісов – Батагело Соуза Рамон (Бразилия).
92 келі. 27 боксшы. 1/16 финал
Нурмагамед Юсупов – Жафоев (Тәжікстан).
+92 келі. 27 боксшы
Нұрлан Сапарбай 1/8 финалда Иман Рамезанпоур Делвар (IBA, Иран) – Eсмаели Вандаеж (Иран) жұбының жеңімпазымен жекпе-жекке шығады.
Айта кетерлігі, биылғы әлем чемпионатына 108 мемлекеттен 428 боксшы қатысады. Бұл турнир тарихтағы ең ауқымды жарыстардың бірі болмақ.
Жүлде қоры – 8,32 млн доллар.
• Әр салмақтың чемпиондары – 300 000 доллар,
• Күміс жүлдегерлер – 150 000 доллар,
• Қола жүлдегерлер – 75 000 доллар,
• Ал бесінші орын алған спортшылар – 10 000 доллар алады.
Бұл қаржының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерге, қалған 25%-ы ұлттық федерацияға беріледі
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді

