Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: Алғашқы күні қазақстандықтар шаршы алаңға шығады

Фото: olympic.kz

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы өткізетін ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Бірінші күнгі жарыста екі отандасымыз өнер көрсетпек. Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова өзбек боксшысы Нигина Уктамовамен кездеседі. Бұл жекпе-жек А рингінде кешкі сессияда, яғни Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де өтеді.

Сол күні 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай да алғашқы айқасын өткізеді. Оның қарсыласы — жергілікті боксшы Айзек Око. Кездесу В рингінде 13-жекпе-жек болып жоспарланған.

Жанкүйерлер жекпе-жектерді Qazsport және SPORT+ телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 13:56
Талқылау