Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Болгариядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының боксшылары Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогін" жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Olympic.kz

Болгариядағы жарыстың бірінші күнінде жұдырықтасқан боксшыларымыз жеңіске жетті. 54 келіде сынға түскен Дәулет Молдашев қырғызстандық Руслан Эрнсулунан басым түссе, 60 келідегі Руслан Күзеубаев грузин Артюш Гомцианиді ұтты. Ал 67 келідегі Дулат Бекбауов жергілікті боксшы Благовест Неделчевтен айласын асырды.

Сондай-ақ 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет те жергілікті спортшы Николай Дишковтың мысын басып, екінші айналымға өтті.

Айта кетейік, кіші әлем чемпионаты саналатын "Странджа кубогі" 12 ақпанға дейін жалғасады.

Талқылау