Бөксесі мен аяғын кезек көтеріп билеген Меруерт Түсіпбаеваның биі желіде шу болды (видео)
Би жарысқа түскен Меруерт Түсіпбаева қимылымен көпшілікті таңдандырды.
Меруерт Түсіпбаева мен «Диета» тобының мүшесі Жасұлан Базарбаев жұп болып биледі. Әншілер осылайша жұп-жұп болып жарысқа түсті.
Әрдайым батыл қимылдайтын әнші ерекше биімен көзге түсті. Аяғын аспанға көтеріп, бөксесін лақтырып биледі. Өзгелер қошемет білдіріп, жұпты ортаға алып тұрды. Бұл сәтте Абай Бегейдің жаңа шыққан «Ностальгия» әні әуелеп тұр.
Желі қолданушылары әншінің жасына қарамастан еркін қимылдай алатынан айтып таңданды. Енді бірі мұның сахна әншісіне оғаш қылық екенін айтып сынады.
Бірі «Өзі өзгеге ақыл айтады, енді аяғын көтеріп билеп жүр» десе, бірі «Әншілер де адам, қалағанын істеп, демалғысы келеді» деп әншіні ақтауға тырысты.
Тағы да оқыңыз:
Әбдіжаппар Әлқожа: Мен қалай болса солай шыға салатын әнші емеспін
Шалғай ауылда тұратын қазақ баласына шетел әншісі ұсыныс жасады
Қазақ ақыны елімізде Назарбаевтар басқаратын монархия құруды ұсынды