Boeing ұшағының апатқа ұшырауы: Тоқаев Индонезия басшысына жеделхат жіберді
Мемлекет басшысы Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын", – делінген жеделхатта.
Талқылау