Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айына 5 миллион теңгедей табатынмын": Бодимассаж болған қазақстандық қыз жұмысы туралы айтып берді

Бодимассаж жасайтын қызбен сұхбатФото: depositphotos.com

Қарызға белшесінен батып, қаржылық тығырақтан шығу үшін бодимассаж істеу арқылы күнін көрген қазақстандық қыз Stan.kz редакциясына сұхбат берді. Жансая (кейіпкердің есімі өзгертілген) тапқан табысы мен бұл саладан кету себебін түсіндірді.

Ол алдымен мұндай салаға қалай келгенін баяндады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жансая кәсіппен айналысамын деп тауар сатып алуға қомақты сомада несие рәсімдеген. Алайда саудасы жүрмей, 15 миллион теңге берешегі жиналған.

“15 миллион теңгені өтей алмай қатты қысылып, бодимассаж жасау туралы шешімге саналы түрде келдім. Алғашқы екі аптада өзге әлемде жүргендей болдым. Алғашқы екі аптада өзімді өзге бір әлемде жүргендей сезіндім. Өйткені біз түнгі уақытта жұмыс істедік, ал массаж жалаңаш денемен жасалатындықтан, жан мен тәннің ішкі арпалысын қатты сезінесің. Жаның “істеме” десе, тәнің “бұл саған қалыпты ма?” дегендей сұрақтар қояды. Екі жақ бір-бірімен келісе алмайды. Оған қоса, күніне 100 мың теңгеден асатын табыс түсе бастағанда, мұны миың бірден қабылдай алмай, “мұндай да болады ма” деген ой келеді”, – деді ол.

Жансая алғашында клиенттерге өте ыңғайлы, мінезі жұмсақ қыз болғанын айтты. Мұны кейбірі дұрыс қабылдап, сыйластық танытса, енді бірі оның сабырлы мінезін пайдаланып кеткен. Осы себепті ол бұл салада бар болғаны алты ай ғана шыдай алған.

Ол бодимассаждың қандай әдіспен жасалатынын түсіндірді.

“Бодимассаж бұл массаждың бір түрі. Бодимассаж кезінде денеге дене үйкеледі, алдымен кәдімгі массаж жасалып, кейін май жағып, денемен сырғанау тәсілі қолданылады. Процедура барысында ер адам да, қыз да жалаңаш болады”, – деді ол.

Жансая “жыныстық қатынас бола ма?” деген сұраққа да жауап беріп, қызмет құнын да нақтылады.

“Интимдік қатынас тек қыздың өз қалауына байланысты. Кейбір келушілер қосымша ақы ұсынып, жыныстық қатынасқа түсуді сұрайды. Мұндай жағдайда келісу немесе келіспеу қызмет көрсетушінің жеке шешімі. Қаламаса, ешкім мәжбүрлемейді. Мен бұл салаға ақша табу мақсатында келгендіктен, жыныстық қатынасқа да түстім. Мұндай жағдайда ер адам сұраған соманы төлейді. Мысалы 50 мың теңге десең, соны береді. Кейде 100-150 мың теңге алған кездерім де болды”, – дейді ол.

Кейіпкеріміз өзінің интроверт мінезді қыз болғанын жасырмады, сондықтан да бірге жұмыс істеген өзге қыздар секілді жеңгетайларға жағымпазданбаған. Нәтижесінде олар да Жансаяға жылы қабақ таныта қоймаған.

“Өзге қыздар жеңгетайлардың көңілін табу үшін түрлі тәтті-дәмді алып беретін. Олар да оларға жақсы қарайтын. Ал мен бастыққа жағынуды бұрыннан құп көрмейтінмін, сондықтан мені шеттететін. Сырттағы тапсырысқа шықсақ, маған 50 мың теңге төлеп көбіне қауіпті мекенжайларға жіберетін. Мысалы, таулы аймақтар секілді қаладан алыс жерлерге баруға тура келетін”, – деді ол. 

Ол бұл салада жүргенде психикасына ауыр соққы тигізген жағдайды да баяндап берді.

“Түнгі қызмет деген түрі болатын. Онда бір адам бір түнге шақырады. Бағасы шамамен 200-300 мың теңге, бірақ әр кезде әртүрлі. Бір күні бір саунаға тапсырысқа шығамын. Сол кезде жеңгетайдан тіпті қанша адам болатынын да сұрамаппын. Дайындалып барсам, саунада үш ер адам отыр екен, удай мас, дастархан жайылған. Мен қызмет түрін және бағасын айтамын, бірақ олар төлеуге асықпай, әңгімені соза бастады. Жасымды, қай жақтың тумасы екенімді сұрайды. Бір жағынан жеңгетай да “ақшаны алдың ба?” деп жазып жатты”, – деді ол.

Жансая божимассаж жасайтын қыздар жеңгетайға ақша қолына тигенше ғана маңыздысы екенін ерекше атап өтті. Қаражат қолға түскеннен кейін олардың қауіпсіздігінде ешкімнің шаруасы жоқ. Басынан аяғына дейін өзіңді өзің алып шығуың керек.

“Сөйтіп үш сағатқа 120 мың теңгеге келісемін. Алдымен біріншісіне массаж жасап, аяқтадым. Екіншісіне де солай қызмет көрсеттім. Ал үшінші ер адам толықтау болды. Алғашында әңгімеміз жарасып, массажды бастадым. Бір сәтте ол қолымнан ұстап, жібермей қойды да, жыныстық қатынасқа күштеп тартқысы келді. Жіберуін сұрасам да, қоймады. Сол жерде екеуміз арпалысып, төбелесіп кеттік. Бір уақытта есіктің алдына тұрып алып, мені шығармауға тырысты. Сол кезде бар дауысыммен “көмектесіңдер” деп айғайладым. Сыртта отырғандар “не болды?” деп кіріп келді. Мен жұлқынып есікті ашып, “мына адам осылай істеп жатыр, араша түсіңіздерші” деп сұрадым. Бірінші ер адам түсіністік танытып, бірден “жақсы, заттарыңды жина да, кет” деді. Мұндай жағдайда ойланатын уақыт болмайды, тез есіңді жиып, кетіп қалмасаң, жем болып қаласың. Сөйтіп бес минуттың ішінде заттарымды жинап, такси шақырып, кетіп қалдым”, – деді ол.

Бұдан бөлек, ол алғашқы қабылдаған клиентін де еске алды.

“Алғашқы клиентім әлі есімде. Ол кезде жанымда тағы бір қыз болды. Ол маған қалай бастау керегін көрсетіп, ары қарай не істеу керегін түсіндіріп отырды. “Келесіде осылай жасайсың” деп біртіндеп үйретті. Басында бұл салаға жаңадан келгенің клиенттерге де бірден байқалады. Сол себепті олар шекараны бұзып, жыныстық қатынасқа итермелей бастайды. Ал сен өзің үшін қарсы тұруға тырысасың. Қарсы тұра алмасаң, ер адамға жем болып қалуың мүмкін”, – деді ол.

Жансая осы тұста бодимассаж қызметінің бағасы мен 6 айда қанша табыс тапқанын бөлісті.

“Массаж бағасы әртүрлі, ол массаж түріне байланысты, шамамен 20 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін баруы мүмкін. Ол жерде өзіңді сата алғаныңша сатасың, қабілетіңе байланысты. Табыс әрдайым біркелкі болған жоқ. Бір айда шамамен 3,5-4,5 миллион теңге табатын едім, ал алты айдың ішінде жалпы 23 миллион теңгеге жуық табыс таптым. Сол кезеңде ақшаны қиналмай жұмсайтын болдым, не ішем, не киемін деген уайым мүлде болмады. Қымбат дүкеннен киім алғым келсе, алдым, киноға барғым келсе, бардым, spa-ға барғым келсе, бардым, ерін жасаттым. Қысқасы, қалағанымның бәрін істедім. Соңғы жұмыс айында өзіме iPhone 16 Pro Max сатып алдым, алтын алдым. Қарызымнан толық құтылып, үстіне шамамен 1,5 миллион теңге жинап шықтым”, – деді ол. 

Жансая қарызынан құтылса, енді бұл жолға қайта түспеймін деп өз-өзіне уәде берген. Бүгінде оның жеке дүкені бар, оны ашуға ата-анасы көмектескен.

Сонымен қатар ол салон мен бодимассаж жасайтын қыздар табысты қалай бөлісетінін де айтты. Оның сөзінше, кейбір салондар табыстың 60% алып, 40% берсе, кейбірі 30% ғана береді. Табыстың жарты сомасын ғана алатындар да бар. Бодимассаж жасайтын қыздар жеңгетайлар дайындаған пәтерде тұрады, күндіз ұйықтайды, түнде жұмыс істейді. Күн сайын бет бояуы, шаш үлгісі әдемі болып тұруы керек. Тазалықты сақтау шарт.

“Осының арқасында біздің жеңгетай су жаңа Hyundai көлігін сатып алғаны есімде. Квартира өздерінен болады, күндіз ұйықтайсың, түнде жұмыс істейсің. Күн сайын макияж, шаш үлкһгің әдемі болып тұруі керек. Өзің жуынып, тап таза болуың шарт.”, – деді ол.

Кейіпкеріміздің айтуынша, бодимассаж жасатуға әртүрлі ер адам келеді. Жас жігіттерден бастап үлкен кісілерге дейін, олардың арасында үйленгендер де бар. Ал қызмет көрсетуші қыздардың жас талғауға мүмкіндігі жоқ, мәселен Жансаяның ең үлкен клиенті 50 жаста болған.

Ол дене арқылы ер адамның күйзелісі бірден байқалатынын айтады.

“Клиенттер көбіне жалғыздықтан келетіндей әсер қалдырады, жұбаныш іздейтін секілді. Бір жағынан релакс үшін келсе, енді бір жағынан сөйлесетін адамы болмаған соң келеді. Олар біздің өмірімізге қызығып, түрлі сұрақ қойғысы келіп тұрады. Арасында әйелімен ұрысып қалғандар да бар. “Неге көңіл-күйіңіз жоқ?” деп сұрасаң, көбісі бар жағдайын басынан аяғына дейін айтып береді. Бірі қаржылық қиындыққа тап болған, енді бірі қызы не әйелімен жанжалдасып қалған. Әркім әртүрлі күйде келеді. Сол кезде олардың басынан не өтіп жатқанын тыңдап, қолдан келгенше ақыл-кеңес беруге тырысасың”, – деді ол.

Жансая бүгінде кез келген адамның көңіл күйін бірден сезіп тұратынын жеткізді. 

“Өзіңді психолог болып кеткендей көресің. Мысалы қазір өмірде бір жігітпен таныссам, оның не айтқысы келіп тұрғанын, неге көңіл күйі түсіп кеткенін аңғарамын. Қандай ойы барын да іштей сезесің”, – деді ол.

Ол бұл саладан кеткеннен кейін ешбір жігітпен қарым-қатынаста болмаған. Өйткені әртүрлі ер адамдарды көргеннен кейін өмірде оларға деген қызығушылық мүлде жоғалып кететін көрінеді. 

“Кейде әңгіме барысында ренішіңді білдірсең, клиенттер оны көтермейді. “Эй, тұр да жаса” деген сияқты дөрекі сөздер айтып, “мен саған не үшін келіп отырмын, өз жұмысыңды, орныңды біл” деп ауыр сөйлейтіндер де болады. Бодимассажды қойғаннан кейін ешбір жігітпен қарым-қатынас та, жеке сөйлесу де болған жоқ. Ішкі бір тосқауыл жібермей тұрғандай. Ол жақта әртүрлі ер адамдарды көресің, соның салдарынан өмірде оларға деген қызығушылық мүлде жоғалып кетеді. Көңілің қатты қалады. Мысалы үйленген ер адамдардың да келетінін көресің. Сондай сәттерде “неге бұлай?” деп ойлап, ішіңде біртүрлі сезім пайда болады”, – дейді ол.

Сұхбат соңында Жансая бұл саладан кету себебін түсіндірді.

“Соңғы уақытта жеңгетайлар ақшамды тексере бастады. Бұл мені қатты ашуландыратын, сондықтан бар ақшамды ата-анама аударып жіберетінмін. Ата-анам ол ақшаның қайдан келіп жатқанын сұрамады, өйткені олардың өздерінің де қомақты қарыздары бар еді”, – деді ол.

Бұған қоса ол бір уақыттары жалғыз қалған. 

Жанымдағы қыздардың бәрі жұмыстан шығып кетті. Салдарынан мен жалғыз жұмыс істеуге мәжбүр болдым. Сол кезде клиенттер бірінен соң бірі келіп жатты, бұл жаныма қатты батты. “Неге жалғыз өзім осылай қиналып жүрмін?” деп өз-өзіме сұрақ қоятынмын. Ақырында бұл ортадан қашып құтылдым”, – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 20:38