"Блок-бекетті күзеткен полицейлер емес, кабинетінде отырғандар үстемақы алған": Алматы облыстық ПД басшысы пікір білдірді
Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Еңбекшіқазақ ауданындағы полицейлер блок-бекеттегі кезекшілігі үшін үстемақы алмауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Неліктен президент тапсырмасына қарамастан Еңбекшіқазақ ауданында төтенше жағдай кезінде блок-бекетті күзеткен 10 полиция қызметкеріне ақша төленбеген? Ең қызығы, үстемақыға блок-бекетте болғандар емес, өз кабинеттерінде отырғандар иеленіпті", - деп сұрақ қойыпты Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық кеңес мүшесі Серік Күдебаевқа.
Өз кезегінде Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесінің бастығы Серік Күдебаевқа полицейлердің барлығы 100% сыйақыға ие болғанын айтып ақталыпты. Сондай-ақ ол бұл жағдай бойынша тексеріс жүргізілетін қосты.
"Біз барлық қызметкерлерге ақша төледік. Егер үстемақыға ие бола алмай қалған полицейлердің тізімі болса, біз мәселенің түп-төркінін анықтайтын боламыз", - деді Күдебаев.
Талқылау