Блогерлер Талғар ауруханасында бас дәрігермен кездесуді талап етіп, шу шығарды
Блогерлер мен қоғам белсенділері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцев бас дәрігер Нұрлан Күлсейітовпен кездесу үшін Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауруханаға барған сәттен түсірілген видео LIFE KZ YouTube каналында жарияланды.
Роликтің басында блогерлер ауруханаға жақында Талғар әкімдігінде болған оқиғадан кейін келуге шешім қабылдағанын, онда бас дәрігер жергілікті тұрғынның сұрағына жауап беру кезінде айқайлап, үстелді жұдырықпен ұрғанын айтты.
Видео авторлары бас дәрігердің бұл әрекетін орынсыз деп санап, болған оқиғаға жеке өзі түсініктеме беруі үшін одан сұхбат алуды жоспарлаған.
Блогерлер ауруханаға еш кедергісіз кіріп, бәрін камераға түсірді, бірақ қонақтар бас дәрігердің кабинеті орналасқан әкімшілік аумағына кіре алмады.
Күзетшілер оларды кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Жағдай төбелеске ұласуға шақ қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”