Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Жанәбіловтерге қандай жаза қолданылады – Прокурор жауап берді

Фото: Instagram парақшаларынан алынды

Прокурор блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаевтың айтуынша, блогерлерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін. 

“218-баптың 2-бөлігінің санкциясында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Теориялық тұрғыдан алғанда айыппұл тағайындау да мүмкін. Бірақ оның көлемі өте үлкен болады. Бұл шамамен 1 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлға тең. Теориялық тұрғыдан айыппұл тағайындау мүмкін. Бірақ бұл соттың шешімі”, – деді Хайруллаев.

Прокуратура өкілінен айыптаушы тарап бас бостандығынан айыру жазасын талап ете ме деген сұрақ қойылды.

“Әзірге білмейміз. Іс материалдарының барлығы зерттеліп болған соң және жарыссөз кезеңінде біздің ұстанымымызды естисіздер", – деді ол.

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 16:34