Блогер Жахан Отарғалиев киносының тұсаукесеріне Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды
Отандық блогер әрі актер Жахан Отарғалиев Президентті киносының Астанадағы жабық көрсетіліміне шақырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/zhahan_utargaliyev
“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы мотивация үшін көп рахмет. Бұйырса сізді 1 мамыр Астана қаласында киномыздың жабық көрсетіліміне шақырғым келеді. Қарапайым қазақ жастарын қолдайды деген сенімдемін “, – деп жазба жариялады ол желідегі парақшасында.
Президент бұл шақыртуды ескере ме, жоқ па, белгісіз. Блогердің өзі де мұндай шешімді оңай қабылдамағанын, үлкен тәуекелге барғанын жасырмады.
“Әрине, Президенттің кино көретін уақыты жоқ, оның басқа жа дұмыстары бар. Бәрін білемін, мен жай ғана тәуекел етіп шақырып жатырмын.Кезінде мен кездескім келеді дегенде ешкім сенбеген, бірақ Алланың қалауымен ол кісі уақыт тауып кездесті. Кім біледі, осы жолы да келіп қалар. Президент мені шақырғанда мен барғанмын. Негізі келеді деп ойлаймын, себебі ол – жастардың жанашыры. Оған көзім жетті”, – деп жазды блогер.