Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзілдемекші болған блогер видео түсіремін деп ажал құшты

АҚШ-тың Теннесси штатының 20 жастағы тұрғыны, видеоблогер Тимоти Уилкс пранк түсірілімі кезінде оққа ұшып мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеоны екі жігіт Youtube-ке жүктемек болған. Марқұм мен оның досы қолдарына пышақ алып, бір топ адамға жақындай бастаған. Қарсы беттегі адамның бірі Тимотиге оқ атқан.

23 жастағы Дэвид Старнс полицияға ұтыс түсіріліміне қатысып жатқанын білмегенін айтты. Ол екі пышақпен қаруланған ер адамның жақындап келе жатқанын көрген кезде өзін-өзі қорғау мақсатында оқ атқанын жеткізді. 

Қылмыс бірнеше отбасы тұрған балалар саябағының жанында болған.

Оқ атқан Старнсқа қарсы ешқандай айып тағылған жоқ, дегенмен тергеу бөлімі қызметкерлері бұл оқиғаны тергеуді жалғастыруда.

Мемлекеттік заңдарға сәйкес, қару-жарақты сатып алу мен тіркеуге арнайы рұқсат қажет емес. 

Әзіл ойындар ұйымдастырған видеолар Youtube-те жиі кездеседі. Алайда көп жағдайда қатысушылар жағдай жайлы алдын ала ескертеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр