Блогер сүйіктісіне бояғышпен пранк жасап жұртты шошытты

YouTube желісінде блогер Кристен Ханби ваннаға матаға арналған бояу құйып сүіктісіне пранк жасаған. Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне ашуланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Қыз жуынуға кіріп кетеді, көп ұзамай бірнеше минуттан кейін блогер оның айқайын естіді. Артынша қыз ваннадан жүгіріп шығады. Оның денесі толығымен көк түске боялып, үстінен бояу кетпей қалған. 

Ханбидің өзі оған «әлемдегі ең зұлым Смурф» деп күлді.

Твиттер қолданушыларының бірі бұл видеоны өзінің парақшасында бөлісіп, пранкердің бұл әрекетін күлкілі деп санамайтындығын және бұл пікірді қолдаушылар көп екенін баса айтты.

"Бұл оны өлтіруі мүмкін. Мата бояғышын жыныс мүшелеріне, көзге немесе ауызға тигізуге болмайды. Бұл өте қауіпті. Ол дәрігерге қаралуы керек, өйткені бұл оның денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін", - дейді пайдаланушылардың бірі.

Кейбір жазылушылар Herbie-ді қызға қарапайым құрмет көрсетпеді деп айыптады.

"Бұл не қылғаны. Мұндай да пранк бола ма? Бұлай жасауға болмайды", - деп қостады бірі. 

Бірақ пранкерді жақтағандар да табылды. 

"Менің ойымша, видеоны дұрыс емес деп санап жатқандардың өздері де осындай жағдайға тап болса, күлетін еді", - дейді пікір білдірушілер.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр