Блогер миллионер жігітпен некеге тұрудың жалғыз кемшілігін атады
Блогер Линда Андраде миллионер жігітпен некеге тұрудың жалғыз кемшілігін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі блогердің TikTok парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: news.myseldon.com
Қыздың айтуынша, бай, сымбатты жігітпен отбасы құратын болсаң құрбыларыңмен достық қарым-қатынасты сақтау өте қиын. Себебі олар отбасыңды бұзғысы келуі мүмкін.
"Егер араласатын құрбың тұрмысқа шықпаған болса, сөзсіз күйеуіңе көз салуы мүмкін", - деді блогер.
Сонымен қатар блогер араласатын құрбылары аз екенін жеткізді.
"Шынымды айтсам, жақсы құрбы табу бай күйеу табудан қиын", - деді Андраде
Талқылау