Блогер Ерболат Жаңабыловтың әйеліне қатысты сот отырысы басталды: Оған қандай айып тағылған
Фото: instagram.com/zhanabylov_e
Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы басталды. Сотқа блогер Эльмира Төлегенованың өзі, ерлі-зайыпты адвокаттар - Олег пен Анна Черновтер келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Процесс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жүргізіледі. Сотқа судья Ақерке Бектұрғанова төрағалық етеді. Іс блогердің заңсыз лотерея қызметіне қатысуына байланысты.
Бүгін түстен кейін Төлегенованың жұбайы - блогер Ерболат Жаңабыловтың ісі бойынша отырыс өтеді.
Екеуі де миллион аудиториясы бар блогерлер.
Еске салайық, бұған дейін отырыс барысында Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогерлердің ақшалай қаражат, 10 автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысын өткізгенін мәлімдеген болатын. Бірақ заң бойынша лотереяларды тек ресми операторлар ғана өткізе алады.
Комитет Жаңабыловтар ұсынған курстарды сатып алып, олардың мәлімделген мазмұнға сәйкессіздігін анықтады. Ведомствоның мәліметінше, курстар формальды сипатта.
Журналистер адвокаттан Эльмира Төлегеноваға қандай айып тағылғанын сұрады.
"Жұбайына тағылған айып секілді, заңсыз лотерея қызметіне қатысы бар",- деді ол.
Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі атап өткендей, блогердің заң сатуды ынталандыру үшін ұтыс ойындары өткізуге рұқсат береді деген сөзі нормаға сәйкес келмейді.
"Азаматша Төлегенова өз түсініктемелерінде заңмен сатуды ынталандыру үшін ұтыс ойындары өткізуге рұқсат етілетінін айтты. Алайда, материалдарды және бейнероликтерді зерделеу барысында біз бұл лотерея фактісін жасыруға үшін жасалған әрекет деп есептейміз ", - деп мәлімдеді ол.
Комитет өкілінің айтуынша, заң бұзушылық корпоративтік ресурстар арқылы емес, Төлегенованың жеке парақшасы арқылы өткізілген.
"Төлегенованың сыйлықтардың ұтыс ойынын ресми корпоративтік аккаунт немесе Zhana Business ЖШС сайты арқылы емес, тікелей жеке парақшасы арқылы өткізген. Онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заңға сәйкес аккаунт - бұл онлайн-платформа пайдаланушысының жеке беті. Ол бұл аккаунтта қандай да бір лотереялар жариялап, жарнамалап, ұйымдастыра алмайды ", - деп түсіндірді Әбдел Балтатегі.
Сондай-ақ, сыйлықтардың қалай берілгені де наразылық туғызады.
"Азамат Төлегенова Kaspi Gold-тағы өзінің банктік шоты арқылы ақшалай қаражатты өзі тапсырады. Белгілі болғандай, Kaspi Gold жеке тұлғаларға беріледі, ал заңды тұлғалар үшін басқа да қаржылық платформалар қарастырылған. Бұл ретте азамат Төлегенова мен Zhana Business ЖШС арасында сатуды ынталандыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қандай да бір құқықтық қатынастар жоқ ", - деп толықтырды комитет өкілі.
Судья Ақерке Бектұрғанова Туризм және спорт министрлігінің өкілдерінен байқаудың мазмұнға сәйкессіздігі қалай анықталғанын сұрады.
"Байқаудың сәйкессіздігі жанама әдістермен белгіленеді. Біз бұл курстарды өзіміз талдадық. Оларда бірнеше платформа бойынша оқыту жарнамаланған, бірақ іс жүзінде тек бір бағытпен өткізілген. Сонымен қатар, спикер адамға өз бетінше меңгере алатын қарапайым манипуляцияларды үйретті. Мұндай курстар интернетте және YouTube-та тегін ", - деп түсіндірді Әбдел Балтатегі.
Адвокат Олег Черновтың айтуынша, бүгінгі процесте екі түрлі хаттама қаралады.
“Ерболатқа қатысты сипаттамалар бір бөлек, ал Эльмираға қатысты деректер басқаша. Демек, тергеу барысында кейбір тұстар түзетілген сияқты. Мұны сот процесінде көруге болады”, – деді ол.
Еске салайық, күні кеше ғана блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазған едік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды. Блогерлер курс бағасын 30 мың теңге деп көрсеткен, 1 миллион адам сатып алса 30 млрд теңге табыс табуға мүмкіндігі бар деп есептеледі.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
