Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Азамат Сәрсенбаев 20 тәулікке қамауға алынды

Фото: Азамат Сәрсенбаевтың желідегі парақшасынан

Ақтауда блогер Азамат Сәрсенбаев қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Азамат Сәрсенбаев өзінің желідегі парақшасында жазба қалдырды. Ол сот шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Жала жабу" бабы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Блогердің айтуынша, қамауға алынуына әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Ол бір донер сататын мекеме иесі мен клиент арасындағы жанжалға байланысты жазбасында кәсіпкердің айтқан сөздерін келтіріп, мәселеге қатысты жеке пікірін білдірген көрінеді.

"Достар, мені сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алды. Бұл қалай, не үшін екені түсініксіз. Бұл – нағыз бассыздық. Қазір мен арнайы қабылдау орнына бара жатырмын, апелляциялық соттың шешіміне дейін сонда отырамын. Мені 20 тәулікке қамауға алды. Мені сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жала жапты деп айыптады. Енді атқарушы билікке қарсы шыққан әрбір адам, қоғам белсендісі түрмеге түсуі мүмкін деген сөз", — деді Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында.


"Магнум" сауда желісінен ақша бопсалаған блогерлер 7 жылға сотталды


Блогер өзінің парақшасында тұтқындалуына себеп болған жазбасына сілтеме де қалдырған. Аталған жазбасында ол Ақтаудағы қоғамдық тамақтану орнына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері қамқорлық көрсетіп отыр деген пікір айтқан.

Кейін блогер Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзінің қорғау мақсатында сотқа жүгінгенін хабарлады.

Еске салсақ, Ақтауда полицейлер ұшақ апаты болған орынды түсіргені үшін Азамат Сәрсенбаевты ұстаған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 19:03
Талқылау