Блогер Әсел Баяндарова желіге тағы да жалаңаш суреттерін жария етті (фото)
Атышулы блогер Әсел Баяндарова желідегі парақшасына жалаңаш суреттерін жариялап, әйел сұлулығы туралы ойымен бөлісті.
Блогер өз ойларын Фейсбуктағы парақшасында жазып, суреттерін салған.
Ол тестостерон және соматотропин гармондарының көмегімен кәрілікке қарсы тұратын терапия қабылдап жүр екен. Осы ретте блогер оқырмандарына өз кеңесін де берген.
“Аштықта болған 15 сағатты басқара білу керек. Таңғы ас уақытында тек су ғана ішіп, келесі таңға дейін ештеңе ішіп-жемеген дұрыс. Мұны аптасына 2 рет істеу қажет”, – деп жазады ол.
Сондай-ақ, ол адам денсаулығы мен жастық қалпын сақтау үшін толыққан ұйқы болу керек екенін де атап өтеді.
Оның ойынша кәрілік бұл беттің әжімденіп, шаштың ағаруы емес, көңіл-күйдің төмендеп, сенімділіктің азайып, күштің кеміп кетуі екен. Бұған дейін Әселдің әлеуметтік желіде жыныстық өмірге қатысты жариялаған жазбасы мен жалаңаш суреті қоғамның қызу талқысына түскен болатын.
Оқи отырыңыз:
Семейде жоғалып кеткен қыз Астанадан табылды
Атырау облысында әйелі күйеуін туған қызына азғындық жасауы мүмкін деп күмәнданады
Шымкенттік ақсақал елді Құдайға сенбеуге шақырды
Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен әйел мен баланы құтқарған офицер марапатқа ұсынылды
Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді
Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін банк картасын қалай пайдалану керек