Блогер Aeka Posh хиджабын шешті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Aeka Posh хиджабын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы жеке парақшасында орамалсыз тұрған фотоларын жүктеді.
“Хиджаб тағып жүргенде өте көп әңгіме болып еді. Енді болмайтын шығар ондай. Айналамның мейірімге толғанын қалаймын. Ешкімнен қолдау немесе кеңес күтпеймін. Жай ғана құрмет көрсетсеңіздер екен. Бұл менің жолым. Бұл жолымда ешкімге ештеңе дәлелдемеймін”, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, блогер ұзатуында сырғаның орнына білезік таққан еді. Блогердің айтуынша, үш жасында құлағына ота жасалғандықтан сырға таға алмайды екен. Сондықтан сырғаның орнына брендтен білезік тағуды өтінген.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр