Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блэкаут қаупі: Солтүстіктегі электр жабдықтарының тозуы шамамен жүз пайызға жеткен

Солтүстік Қазақстан облысында электр жабдықтарының орташа тозуы шамамен жүз пайызға жеткен. Еліміздің солтүстігінде электр қуатының үзілуін негізінен ауыл тұрғындары сезінеді. Көптеген үйлердің, тіпті ауданның тұрғындары қысты жарықсыз, жылусыз өткіземіз бе деп қорқады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Самал тк

Мұндай жағдай Петропавлға қарасты Борки ауылында 10 жылдан астам уақыт бойы орын алып келеді. Енді тозығы жеткен электр желілеріне жаңа ғимараттар да қосылған. Қала тұрғындары 50 жылдық тарихы бар желі жүкті көтере алмайтынына сенімді.

“Біз 90-шы жылдардағыдай өмір сүріп жатырмыз: жарықсыз, газсыз. Мұнда тұрып жатқаныма екі жыл болды, алайда жағдайдың жақсарғанын көрмедім”, – дейді “Самал” көпқабатты үйінің тұрғыны Светлана Шамшина.

Бұл әуе электр желісіне 1400-ден астам абонент қосылған. Қуат беретін 75 трансформаторлық қосалқы стансаның 45-і тұтынушының балансында, бір сөзбен айтқанда, жекенің қолына өткен. Монополист "Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату" компаниясы оларға жауапты емес. Ведомство түсіндіргендей, 12 үзілістің жартысы жеке компанияның кінәсінен болған.

“Болашақта 2030 жылға дейін бұл желіні қайта жаңғыртуды қарастыратын бағдарлама әзірленді”, – дейді "Солтүстік Қазақстан өңірлік электр энергетикасы компаниясы" АҚ өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Александр Елисеев.



Басқармада технологиялық бұзушылықтардың 30%-ға жуығы тұтынушылар қондырғыларының қанағаттанарлықсыз жұмысымен байланысты деп түсіндіреді. Қалғаны ауа райының қолайсыздығы мен рұқсатсыз қазба жұмыстарына байланысты. Теңгерімінде кешен орналасқан компания барлық мәселелер өз тарапынан жойылғанын атап өтті.

“Самал” тұрғын үйін қамтамасыз ететін желі бос емес, онда абоненттер көп, сәйкесінше, тозығы жеткен болуы мүмкін, бұл үзілістердің туындауына әкеп соғады”, – деп түсіндіреді "Future Kaz" ЖШС директоры Андрей Асаенок.

Жалпы, ТБЖ деректері бойынша электрмен жабдықтау жүйесінің кейбір учаскелерінің тозуы 140%-ға жетеді. Шенеуніктер салаға салынатын инвестицияны ескерсек те, алдағы жылдары тозу тек қана арта түсетінін айтады. Жағдайды түзету үшін, ең консервативті бағалаулар бойынша, шамамен 80 миллиард теңге қажет болады. Бұл тұтынушыларға тарифтерді көтеру түрінде әсер етуі мүмкін.

Талқылау