БҚО тұрғыны несиеге бола өзіне қол жұмсады
Батыс Қазақстан облысында ер адам несиеге бола өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, ер адамның мүрдесі 11 шілдеде сағат 13.50-де Шапай ауылдық округіндегі үйде табылған.
Хабарламада көрсетілгендей, ауыл тұрғыны ИЖ 12 маркалы маркадағы мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген. Сол жерден хаты табылды. Хатта ол мұндай қадамды үмітсіздіктен, несиені қайтара алмауы салдарынан барғанын жазған. Өз өліміне ешкімді кінәламауын сұрайды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады.
«11 шілдеде Шапай ауылының маңында өз үйінде 1978 жылғы ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға орнынан суицид белгісі алынды. Бұл факт УДРД-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға әкелу» бабы бойынша тіркелді», - деп хабарлады полициядан.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн