Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО тұрғындары 618 жылқыны қолды қылған барымташы ағайындыларға қатаң жаза сұрайды

Үйір-үйір жылқысын ұрлатқан батыс қазақстандық шаруалар, барымташы ағайындыларға қатаң жаза сұрайды. Ұзақ жылдар бойы ауыл халқын қан қақсатқан қарақшылардың ісі, Ақжайық ауданындағы сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабарлайды. 

жылкы

Ұзаққа созылған қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысына келгендер, ғимаратқа сыймады. Олардың айтуынша, қолды болған қой мен ешкінің саны жоқ. Сиыры мен жылқысын да айдап әкеткендердің жазасы қатал болуын талап етеді. Күдіктілерден тәркілеген 618 жылқыға шектеу шаралары салыныпты. Бірақ кейін бұл шектеу алынып, күдіктілер қолда бар малын оңды-солды сатып жіберген. 150 жылқыны ғана қалдырыпты. Соттың бұл шешіміне ауылдықтар келісе алар емес.

"68 эпизод ұрлық болды басында тергеушілердің өздері анықтағаны. Ең соңында қазір сотқа кеткені 48-і сотқа жіберілді дейді. Міне осының бәрі үлкен күмән туғызады. Осының айналасында жатқан бір құқыққорғау органдарымен араласып жатқан сыбайластық бар ма деген", - дейді жәбірленуші Аманжол Зинуллин.

"Бұған дейін де мал ұрлығы көп болды. 41 бас жылқы кетті, 6 бас ірі қара малы кетті, оның алдында 2013-жылы 4 жылқы кетті. Кеше мына кісілер ұсталғаннан кейін ауыл тып-тыныш болды. Бір де бір бас жоғалған жоқ. Күзде жоғалатын еді ғой, тып-тыныш, ешкімнің бір де бір басы жоғалған жоқ. Сондықтан осылардың әрекет жасап жүргені болып тұр ғой", - дейді тағы бір жәбірленуші Кемел Орало.

Батыс Қазақстан облысындағы үш ауданның аумағынан жүздеген бас мал ұрлады деген күдікпен ағайынды барымташылардың ұсталған еді. Елді шулатқан күдіктілердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотта бес жігіттің ісі қаралуда. Олардың төртеуі – ағалы-інілі жігіттер.

"Берікболат, Болат, Болатбек Ешовтерға және Нұрқат Елеусіновке қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін заңсыз жымқыру жөнінде қылмыстық іс қаралуда. Қаруды заңсыз ұстағаны үшін, бөтеннің мүлкін қасақана өрт қойып жою, мал ұрлау яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша айыптар тағылды", - дейді БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Талқылау