БҚО-ның 100-ден аса ауылына су басу қаупі төніп тұр
БҚО аумағында су басу қаупіне 109 елді мекен кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының өзендерінде әлі де мұздары кетпеген. Алайда еру басталған кезде өзендердің алқаптарында орналасқан 109 елді мекенге су басу қаупі төнеді. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарда апат болған жағдайда оларды су басуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жергілікті құтқарушылар қазірдің өзінде мұзды шағу жұмыстарын бастады.
"Мұндай жұмыстар су тасқыны алдында жүргізілуде, осылайша мұз қатпарын жібітіп жатыр. Еріген кезде кептеліс болмауы үшін, мұндай жұмыстар жыл сайын су тасқыны кезеңінде жүргізіледі. Негізінен, саяжай алаптарын, жақын маңдағы құрылыстарды су баспау үшін бұрылысы ұзаққа созылатын жерлерді шағып жатырмыз", – деді ЖҚБ құтқару бөлімшесінің басшысы Нұрмұхан Жұмағалиев.
Маман облыстағы қар жамылғысының қоры қалыпты, бірақ жауын-шашын деңгейі нормадан жоғары. Егер күн күрт жылынса, бұл қауіп төндіреді.
"Бүгінгі таңда ТЖ Департаменті Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі кезеңде ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде. Барлық жерден қар шығарылады. Шығарылған қардың көлемі 980 мың текше метрді құрайды. Су тасқыны қаупі әлі де сақталуда, оның үстіне бізде әлі де өзендер қысқы уақыттағыдай, бірақ қазір жағдай тұрақты", – деп толықтырды БҚО ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мусиев.
24 ақпаннан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жоғары дайындық режимі жарияланды. Наурыздың соңғы күндерінде күн жылынып, ал өзендерде мұздың еруі сәуір айының ортасына қарай болады деп болжануда.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
