Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО фермерлері түйе қожалығына субсидия бөлінбейтініне шағымданды

Батыс Қазақстан облысының фермерлері түйе шаруашылығы саласында субсидиялаудың жоқтығына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан – шұбат және түйе өсіру бойынша жетекші аймақтардың бірі. Еліміздегі жалпы саны 270 мыңнан асатын түйелердің басым бөлігі БҚО-ға тиесілі.

Батыс Қазақстан облысында негізінен екі өркешті түйелер өсіріледі. Ірі жануарлар континентальды құрғақ климат жағдайында өмір сүруге жақсы бейімделген. Олар ұзақ уақыт бойы сусыз жүре алады, сонымен қатар көп тамақтанбайды.

"Орташа салмағы – 600 килограмға дейін. Еркектердің салмағы – бір тоннаға дейін және одан да көп", – дейді шаруа қожалығының басшысы Рауан Мұхамбетчин.

Мұхамбетчиннің қожалығында 300-ден астам түйе бар. Түйелер ет пен сүт береді. Алайда соңғы уақытта олардың саны көбейіп жатқан жоқ. Себебі мемлекет тарапынан қолдау жоқ, шұбат өндірісіне субсидиялар бөлінбейді, жүн өңдеуге қабылданбайды.

"Түйелердің жалпы саны 2900-ден асады.  Асыл тұқымды шаруашылықтарды субсидиялау бағдарламасы бойынша элиталық еркек түйені сатып алуға 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем ғана жүзеге асырылады", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Венера Төлегенова.

Фермерлердің айтуынша, мемлекет түйе шаруашылығын дамытуға ірі қара мен қой шаруашылықтарына субсидия бөлгендей бөлуі тиіс. Сонда ғана мал басын көбейтіп, ет пен сүттің сапасын жақсартуға болады.

“Оны сақтау үшін селекциялық жұмыс қажет. Ал мемлекеттің қолдауынсыз мұны істеу қиын. Сондай-ақ түйе еті мен сүтін өндіруге субсидиялау қажет. Өйткені майлылығы жағынан ол өте жоғары. Осының арқасында олардың саны көбейер еді", - деп атап өтті Рауан Мұхамбетчин.

Талқылау