Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-дағы Жамбыл ауылында жаңа мектеп оқушыларға есігін ашты

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылында жаңа мектеп ресми түрде ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ғали Есқалиев те қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп

Облыс әкімі президенттің тапсырмасы бойынша апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

«Облыста көптеген мектептер күрделі жөндеуден өтіп жатса, бірқатары жаңадан салуды қажет етеді. Алдағы бес жылда өңірде 77 мектеп салу міндеті тұр. Биыл алты мектеп құрылысын бітіру көзделсе, біреуі таяуда пайдалануға берілді. Жамбыл – соның екіншісі. Жамбыл ауылына көшіп келушілер бар, кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашуда. Сондықтан ауыл болашағына есептелген жаңа мектеп өз есігін айқара ашып отыр. Ендігі кезек мұғалімдердің ата-аналармен бірлесе отырып, заман талабына сай білімді шәкірт тәрбиелеуінде», – деді өз сөзінде облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Жамбыл мектебінде 79 оқушы білім алған. Сонымен қатар биылғы жылға дейін негізгі мектеп ретінде жұмыс істеген. Ал 2022 жылдың 16 тамызында №186 қаулысына сәйкес білім ордасына орта білім беретін мектеп мәртебесі берілді.

мектеп БҚОБүгінгі таңда мұндағы білім алушылар саны 174 оқушыға детті. Ал Октябрь ауылындағы 65 оқушы, Зеленый ауылындағы 42 оқушы тасымалмен қамтылады. Ал оқыту тілі аралас жүргізіледі. 2022-2023 оқу жылында мектеп табалдырығын 10 шәкірт аттап, 1-сыныпқа барды. Ал даярлық сыныбында 11 бүлдіршін оқиды.

Білім ордасында 25 педагог қызмет етеді. Ал жаңа мектептің сыйымдылығы 308 орындық, құрылысына 1 462,9 миллион теңге жұмсалған. Жаңа мектептегі 26 кабинет интерактивті тақталармен жабдықталған. Бұдан бөлек 40 орынға арналған шағын орталық, 2 шеберхана, 1 информатика кабинеті мен кітапхана, 24 орындық оқу залы бар. Мәжіліс залы 81 орынға, ал асхана 108 орынға арналған. Мектеп ауласында футбол және баскетбол, спорт пен жүгіру алаңдары бар.

Талқылау